Өскемен тұрғындары су алған көшелерді өздері тазалауға кірісті

Қала іргесіндегі ықшамауданда қызыл су тіпті бірнеше көшені басып өткен. Еріген қар суы арыққа сыймай арнасынан асып жатыр. Тұрғындар оған дер кезінде тазаламаған коммуналдық қызметті кінәлайды. Арықтың екі жағындағы көшені қосып тұрған шағын көпір де ортасынан опырылып түсіпті. Жұртқа қазір үйіне жетудің өзі мұңға айналған.


Владимир Тен, Өскемен қаласының тұрғыны:

-Түнде судың көтерілгені сонша үйімізден шығып кеттік. Басып қала ма деп қорықтық. Осыны біле тұра әлі бір де бір қалалық коммуналдық қызмет келіп, жағдайыды көрген емес. Бүгін, міне,  тізеден су кешіп жүрміз.