Өскемен жұртшылығы мәдениет сарайының ғимаратын коммерциялық мақсатқа беруге қарсылық білдіруде

Мәдениет сарайының жанындағы үйірмелерде балалары айналысатын ата-аналар жергілікті БАҚ-тардың көмегіне жүгініп, ғимаратты комммерциялық мақсатқа беріп жіберуге жол бермеуді сұрады.

Жұртшылықтың алаңдауына ғимарат басшылығының осы аумақтан орын жалға алғандардың бәріне "олармен жасалған келісім-шарттарының 2007 жылдың 31 желтоқсанында бұзылантындығын, сарай реконструкцияланады және модернизацияланады", деген ақпарат таратуы себеп болған. Ата-аналар 500-дей баланың бос уақытын өткізетін орынсыз қалу мүмкіндігіне алаңдайды.

Ал мекеме басшылығы өз кезегінде "жөндеуден кейін ғимарат аумағында 717, 177 және 97 адам сыятын үш кинотеатр, сондай-ақ, дәмхана мен ойын кешені жұмыс істейтін болады", деп мәлімдеуде.

Мәдениет сарайы "Үлбі металлургия зауыты"АҚ-ына қарасты. Ал ата-аналар болса, "сарайдың қалада қалған жалғыз мәдениет ошағы екенін" айтады. Бұл жерде барлық ірі мәдени-бұқаралық шаралар өткізілуде. Сонымен бірге қазір сарайда "Пируэт", "Flash" секілді көптеген балалар би ұжымдары дайындалады. "Олардың бәрі де модернизациядан кейін баспанасыз қалуы мүмкін", -деп алаңдайды ата-аналар.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті