Өскеменде 100 миллион теңгеге орнатылған рәміздер тауындағы нысандар бүлініп жатыр

Биік төбе басындағы мына символикалық алаңқай осыдан 4 жыл бұрын ғана тұрғызылған. Ал қазіргі көрінісі мынау. Іші қуыс құрылыс материалдары шыдас бермей, төбедегі темір құрандылар опырылып түскен. Елтаңба мен әнұран мәтіні бедерленген ортадағы тақтатастың да күйі қашып тұр. Ал жергілікті басшылық бұл олқылықты тез арада орнына келтіреміз деп отыр.

Жандос Байырханов, Өскемен қалалық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы:

-Қыс айларынан кейін көктем жылынғанда тауда орнатылған конструкцияны жөндеуге жабамыз. Биыл екі опораны бұзып алып, қайта қалпына келтіргеннің өзінде ол құлап кетіп, қазір оны жөндеп жатыр. Бір он-он бес күннің ішінде қайта қалпына келтіріп, толығымен жөндейміз деп ойлаймыз. 

Loading...