Бала алдымен орындыққа тұрған, сосын терезеге мінген екен.
Ана мен бала орталығының нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Бауыржан Рамазановтың айтуынша, баланы періштесі сақтап қалған. Ол ауруханаға жарты сағатта жеткізіліп, алғашқы жәрдемді дер кезінде алып үлгерді.
«Қазір баланың беті бері қарады, оны жансақтау бөлімінен көшірдік», - дейді дәрігер.