"Өскеменде 200 млн теңгеге 250 орынға арналған бала бақшасының құрылысын жүргізу және 10 млн теңгеге 360 орынды бала бақша құрылысының қаржылық жоба құжатын дайындау жұмыстары жоспарланып отыр.
Қала бюджетінде 2008 жылы салынатын 1 -ші бала бақшасының жобалық қаржылық құжатын әзірлеу үшін 8 млн теңге қарастырылса, 2-ші мектепке дейінгі мекеме құрылысының техникалық -экономикалық негіздемесін дайындауға 4,6 млн теңге бөлінеді ", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, қала және шалғайда жатқан аудандарды, ауылдарды сумен қамтамасыз ету жүйесінің дамуына және су бұрғыш арналарына 532,6 млн теңгені құрайтын бес жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Өскемен қаласының жолдарын 2010 жылдарға дейін дамыту бағдарламасын іске асыру үшін 2009 жылы көлік көпірі, жаңа көшелер, жерасты өтпе жол құрылыстарын жасау қарастырылған.
"Өскемен қаласының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту үшін "Нөсерлі канализацияны жөндеу" бағдарламасы қолға алынады. Сондай-ақ, Өскеменнің инженерлік желілерінің құрылыстарына 420 млн теңге қаржы бөлу қарастырылған", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.