"Форумның басты міндеттерінің бірі - кәсіпкерлер, инвесторлар, өнертапқыштар, ғалымдар мен мемлекеттік қызметкерлер арасында диалог алаңын құру. Басты мақсаты - инвестициялық процесстерді жандандыру, Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық тұрғыда белсенді ілгерілеуіне жағдай жасай алатын басымдық берілген серпінді жобаларды жүзеге асыруға инвестициялар тарту", -делінген хабарламада.
Форум аясында Шығыс Қазақстанның инвестициялық әлеуетінің көрмесі, инвесторлар биржасы, жобалар жәрмеңкесі, инвестициялар аукционы өтеді.