Өскеменде 25 жастағы бойжеткен полиция қызметкерін көлігімен басып кетті


ШҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, оқиға 26 желтоқсан күні Күленов атындағы елді мекенде орын алған. Оқиғаның мән-жайы туралы нақты мәлімет таратылмады.

«Жол апатына кінәлі жүргізуші ұсталды, қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бойжеткен 5 жылға дейін бас бостанығынан айырылуы мүмкін», - деді полициядағылар.