Өскеменде 9 жасар қыз экскаватордың астына түсіп қаза тапты

Шығыс Қазақстан облыстық ТЖД баспасөз қызметінің бастығы Бақытжан Торғаевтың хабарлауынша, қайғылы оқиға кеше кешкі уақытта орын алған. Өскемендік ЖШС-нің жол жұмыстарына жұмылдырылған экскаваторы артқа қарай жүргенде жақын жерде велосипедпен келе жатқан 9 жасар қыз баланы басып кетті. Зардап шеккен ол алған жарақаттарынан көз жұмды.

24 жастағы жүргізушіге қатысты абайсызда адам өліміне әкеліп соқтырған көліктік құралды пайдалану ережелерін бұзу фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде тәртіп сақшылары жүргізушінің болған оқиғада кінәсін анықтап жатыр.