Өскеменде әділдік іздеген қос қария тағы аштық жариялады


Жалғыз ұлдарының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалмай, сөзбұйдаға салынып кеткеніне наразы болған ерлі-зайыпты Тарасовтар орталық алаңдағы мына шағын сәкіге қайта жайғасқанына бүгін бірінші күн. Бұған дейін істің мән-жайын анықтауға Астанадан арнайы топ жіберіліп, аштық жариялаған қарттардың талаптарын орындауға уәде етілген еді. Тарасовтар ұлдарының жазатайым емес, қасақана өлтірілгенін дәлелдемек ойда. Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға былтыр күзде болған. Белгілі кәсіпкер Григорий Тарасов демалыс базаларының біріндегі моншада қаза тапқан. Досымен бірге шомылып жатқан кезде жылу қазаны жарылып кетіпті. Қарт ата-ана қазандықты қасақана жарған деп отыр.