Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Semey News-ке сілтеме жасап хабарлайды.
2021 жылғы 8 тамызда сағат 21:00 шамасында Үлбі өзенінде, Абай даңғылы жағында 1973 жылғы әйел адам суға батып кетті.
- Әйел адам жабдықталмаған, ағысы қатты жерде суға шомылған. Куәгерлердің айтуынша барлығы көзді ашып-жұмғанша болды, ол көмек сұрапта үлгермеді. Оқиға орнына келген құтқарушылармен жағажай тексерілді, сүңгуір жұмыстары жүргізіліп, су түбінен әйелдің денесін алып шықты, – деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметінде.