Өскеменде әлеуметтік жағынан қорғалмаған тұрғындарға арналған дүкен ашылды

"Наурыз мейрамы қарсаңында облыс әкімі Жәнібек Кәрібжанов "Ардагер" арнайы дүкенінің ашылу рәсіміне қатысты. Бұл сауда орнының ашылу мақсаты, әлеуметтік жағынан қорғалмаған тұрғындарға бірінші кезекте қажетті тауарлар мен азық-түліктерді төмен бағамен сату ", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.

"Бұл дүкеннің ашылуы біздің инфляция жағдайында тұрғындарды әлеуметтік жағынан қорғауды күшейтуге байланысты президентіміздің берген тапсырмасын жүзеге асырудың тағы да бір қадамы", - деп атап өтті Ж. Кәрібжанов.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, Шығыс Қазақстан облысында 2007 жылы инфляция деңгейі ел бойынша орта есеппен 2,7% төмен болды. Ал азық-түлік бағалары бойынша республикада ең төмен көрсеткішке жеткен.

Облыс әкімінің тапсырмасымен қосымша кешенді шаралар қолға алынды. "Біріншіден, облыс штабы инфляция процестерін бақылауға алып, күнделікті бағалардың мониторингін жүргізеді. Яғни, баға көлемі үстінен қосылатын үстеме баға 10-12 пайыздан аспау керек. Екіншіден, өндірісшілермен,өнімді өңдеушілермен және оны жеткізетін компаниялармен бағаны тұрақтау жөнінде өзара ынтымақтастық мәселесі бойынша меморандум және келісім қабылданды.Үшіншіден, бидайдың 25 мың тонна көлемін сақтайтын тұрақталу қоры құрылды, керек кезінде одан бидай берілетін болады.

Сонымен қатар, картоптың құнын қысқы-көктем кезеңінде сақтап тұру үшін, облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, 920 тонна картопты қоймада сақтауға мүмкіндік туды", - деп атап өтті әкімдікте.

Сонымен қатар көкөніс және картоптың 6 мың тоннасы қоймада бар. "ҚХР бизнесмендерімен көкөніс, жеміс -жидекті сақтайтын қойма құрылысын бірлесіп салатын кәсіпорын құрылды. Қазіргі кезде бірінші кезекте 3 мың тонна өнім дайындалды ", - деп хабарлады баспасөз қызметінде.

Ведомствоның ақпараты бойынша бүгінгі кезде Өскемен, Семейдің кіре берісінде алты көтерме базарларын қосымша салу мәселесі қарастырылуда. Онда шаруалар шығарған өнімдерін өздері сататын болады.

"Сонымен қатар, Өскеменде 5 гектар жерде жылыжай шаруашылығының құрылысы жүргізіліп жатыр. Мұндай жұмыс Семейде де қолға алынады. Апта сайын ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрменкелері өткізіледі", - деді әкімдікте. Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша жуырда ҚХР СУАР Тарбағатай аймағынан ауыл шаруашылық өнімдерін шығарушылар келіп, 60 мың тонна көкөніс өнімдерін төмен бағамен сататын болады.