Өскеменде алғаш «Мәдени WEEKEND» акциясы басталды

Акцияның мақсаты - тұрғындар арасында мәдениет деңгейін көтеру, мәдениет және өнер мекемелерінің жұмысымен таныстыру, жаңадан ашылған, құрылған шығармашылық топтармен таныстыру, мұражай және кітапхана қорларымен таныстару.

Әрбір мемлекетік қызметкер көп уақытты жұмыс орнында өткізеді. Аталмыш акция аясында мемлекеттік қызметкерлер мәдениет және өнер мекемелерінің жұмысымен танысып, мәдени іс-шараларға қатысып, жақынырақ таныса алады.
Мысалы, театрлар өздерінің жаңа қойылымдарын, мұражайлар өздерінің көрме жұмыстарын таныстырып, экскурсия жүргізеді. Кітапханалар мемлекеттік қызметкерлерді жаңадан игерілген ақпараттық технологиялармен және кітапхана қорымен таныстырады. Облыстық Достық үйі мен облыстық мемлекеттік филармония концерттік бағдарлама ұйымдастырады.