Айта кетейік, блогер аса ірі көлемде ақша бопсалады деп айыпталған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкіміне сәйкес, Ринат Халиков 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Осыған дейін блогердің аса ірі көлемде ақша бопсалады деген айыппен сот алдына келгені хабарланған болатын. "Табылған айып түсінікті. Кінәмді толықтай мойындамаймын", - деген еді Халиков.