Өскеменде ашылған сандық студияда жас дарындардың әндері тегін жазылады

«Дарынды орындаушыларды табу үшін облыста көшпелі шығармашылық топтар құру жоспарланған. Олар үшін студияда ән жазу тегін болады», - деп хабарлайды әкімдіктің қызметкерлері.

Сондай-ақ, қалалық және облыстық орындаушылар байқауының қорытындысы бойынша студияда жеке және жинақ альбомдар шығару жоспарланған.

«Мұндай жеке студия Кристина Агилерада бар. Сандық дыбыс, 24 арналы пульт. Бүгінгі күні бұл Қазақстандағы ең озық және ТМД аумағындағы озық студиялардың бірі», - деп хабарлайды әкімдік.

Студияқалалық жас техника станциясының базасында ұйымдастырылды. Сандық дыбыстық мүмкіндіктері Мәскеу мен Алматы музыканттары да қызығушылық танытып отыр.