"Шұғыл іздестіру шараларын өткізу барысында 1 наурызда ұйымдасқан қылмыстарға қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Бажова көшесінде орналасқан сауда кешенінде бұрынғы бала бақшаның екінші қабатында астыртын ойынхананың барын анықтады ", - деп хабарлады баспасөз қызметінде.
Анықталғанындай, ойынхана иесі 42 жастағы қала тұрғыны болып шықты. "Ғимараттың ішінен карталар, фишкалар, кассалық аппарат, флешкалар, бақылау парақтары, радиотелефон, микрокамера, екі процессор, сөмкеде жатқан $2 200 және 224 мың теңге табылды", деп хабарлады полиция қызметкерлері.
Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, бүгінгі уақытта бұл іске қатысты материалдар ІІД тергеу бөліміне жіберілді.