Бұл ата-аналар түкке түсінбей әлек. Журналистердің жазуынша, 600 бала оқитын мектеп үн-түнсіз өзге мекемеге айналмақ екен. Тіпті, күні кеше ғана соңғы қоңырауды бірге атап өткен мектеп директоры да тіс жарып ештеңе айтпаған.
Динара Сорока, Өскемен қаласының тұрғыны:
- Мектебіміздің жабылатынын газет-журналдардан оқып білдік. Бұл не деген сұмдық. Мектептің жабылатыны туралы бірде-бір бізге хабарламаған. Тіпті оқу жылының соңғы күніне дейін үндемей келді. Бұл барып тұрған жауапсыздық.
Ал оқушылар тіптен көңілсіз. Олар мұнда үш бірдей тілді еркін меңгеріп, талай пәнді тереңдетіп оқып жүрген. Жазғы демалысқа аттанғаны сол еді, партасынан да, ұстаздарынан да айырылатынын естіп, қамығып қалған.
Мария Зиновьева, оқушы:
-Енді Ұлттық бірыңғай тестілеуге қалай дайындаламыз? Қай мектепке барамыз?Сыныбыма әбден үйреніп қалып едім. Мектепті не үшін жабады екен?
Мұны мұғалімдер де уайымдап жүр. Дарынды балаларға арналған мектепте 60-тан аса ұстаз сабақ беріп келіпті. Жаңа оқу жылынан бастап жұмыс іздей беріңдер деген ақпарды директорлары әлдебіреулер арқылы естірткен. Ал басшының өзі демалысқа шығып кетіпті.
Бақытжан Сейілжанов, мұғалім:
-Бір мектептен екінші мектепке балаларды ауыстыру енді бір жағынан үйренген жерінен басқа мектепке барып ұжымға қалыптасу ол мүмкін емес деп ойлаймын. Осы мектеп жабылмасын .
Ата-аналар бұл мектептің мүгедек оқушыларға жарамайтынын айтуда. Мұнда баспалдақ, табалдырық көп. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі жандардың ары-бері қозғалуы қиындайды. Жұрт енді Астанадан көмек сұрамақ. Ал жергілікті шенеуніктер ештеңені де түсіндірмей отыр. Бізге олар тек мәселенің қаралып жатқанын айтты.
Loading...