Өскеменде ауа райының нашарлауы салдарынан жәрмеңке өткізілмейтін болды

Қала әкімінің орынбасары Оксана Желякованың хабарлауынша, метеожағдайлар бойынша аудандар облыс орталығындағы жәрмеңкеге келе алмайды және әрекеттер алгоритмі қайтадан қарастырылады: жаппай сату стационарлық сауда нүктелері, базарлар арқылы өтеді.

Осыған байланысты кәсіпкерлік бөлімі облыстық тұрақтандыру қорының өнімдерін «Дос Нар», «Заречный» және «Дина» базарларында сату туралы қосымша келісім-шарттарды жасады. Осыған сәйкес әлеуметтік бағалар бойынша жаппай сатулар қаланың 4 базарында, соның ішінде «Жәрдемде» де өтеді.

Бұдан басқа қалада тағы 66 әлеуметтік бөлім жұмыс істеуде.