Өскеменде аулада ойнап жүрген жасөспірімге оқ атылған


"3 сәуірде 19.00 шамасында полицияға қаланың 35 жастағы тұрғыны хабарласты. Ол 18.00-ге таман қаскүнемдер оның 13 жастағы ұлының аяғына оқ атқанын айтты. Жасөспірім өз сыныптастарымен бірге аулада ойнап жүрген, кейін тапаншаның оқталған даусы естіліп, арыз берушінің ұлының сол аяғына оқ тиген", - деді Өскемен полиция басқармасының баспасөз қызметінде. Қазір бұл оқиғаға байланысты полиция сотқа дейінгі тергеуді бастаған. Ал оқ сараптамаға жіберілді.