Өскеменде ауылшаруашылығы өнімінің көлемі ұлғайды

Малшаруашылығы өнімінің артуы мал саны мен оның өнімділігінің артуы есебінен мүмкін болып отыр.

2003-жылдың қаңтар-маусым айларында облыстағы барлық категориялы шаруашылықтарда сойысқа арнап мал және құс сату көлемі тірі салмағы бойынша 517 мың тоннаны құрады. Бұл 2002-жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 10,5% артық. Ал сүт өндіру көлемі 3,9 мың тонна (+1,7%), жұмыртқа өндіру мөлшері 14 млн. дананы (+10,1%) құрады.
Ет, сүт және жұмыртқаның басым бөлігін жеке меншік шаруа қожалықтары өндіруде. Олар өндірген өнім мөлшері тиісінше 91,58% , 97,1% және 99,3%-ті құрады.
Биылғы жылдың 6 айында мал мен құстың орташа өнімділігі мынадай болды : бір сиырға шаққанда сауылған сүт мөлшері 1379 кг (өткен жылғы осы мерзімнен1,1% артық) , бір тауыққа шаққанда орташа жұмыртқа саны 80 дананы (-4,8%) құрады.