Министрліктің түсініктемесіне сәйкес, апат 21 қазанда Локоть-Лениногорск станциясынан 248 шақырым жерде темір жол өткелінде болған.
"Жолаушыларсыз келе жатқан "ФАВ" автобусы № 3403 поезбен соғысты. Апат салдарынан автобустың жолсерігі оқиға орнында қаза тауып, жүргізуші ауруханаға жатқызылды", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Апаттың зардаптарын жоюға ҚР ТЖМ арнаулы қызметінің 5 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Поездардың қозғалысына кедергі келген жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті