Өскеменде аялдамада маршруттық автобус өртеніп кетті

деп хабарлады төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық департаменттің баспасөз қызметі.

"Өскеменде аялдамада нөмірі 47-ші маршруттық автобустың ішкі салоны өртке оранды. Жолаушылар зардап шеккен жоқ. Жүргізуші өртті сөндіру барысында сол қолын күйдіріп алған", - делінген Твиттерде Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметінің микроблогында берілген хабарламасында.

Баспасөз қызметінің деректеріне қарағанда,қазір өрт ауыздықталған. «Автобус түгел дерлік жанып кеткен", делінген хабарламада. Автобус жүргізушісі ауруханаға барудан бас тартқан. Өрт себептері анықталуда.