Оған қазір өтініштер қабылданып жатыр. Үміткерлердің арасында "Торнадо" фан-клубынан Владимир Добровольский, Максим Комаров, Мурад Атаев, Леонид Площаднов, Андрей Якимчик, Руслан Печенкин, Денис Ягорлицкий, "Шығыс майданы" фан-қозғалысынан Дмитрий Зацепин, Малик Калиекперов, Алексей Половинкин бар. Бұл рәсім ертең аяқталады деп жоспарланып отыр.
Жалпы осы жарысты ұйымдастырып отырған "Восток" футбол клубының жанкүйерлері. Олар 2008 жылы "Шығыс майданы" фан-қозғалысын құрған болатын. Ондағы басты мақсат - "Восток" футбол клубына өз алаңындағы барлық ойындарында және мүмкіндігіне қарай сырт алаңдағы кездесулеріне де жанкүйерлік қолдау көрсету. Фан-қозғалыс сондай-ақ, "Восток" пен ұлттық футбол құрамасының ғана емес, қаладағы өзге спорт түрлері бойынша құрылған командалардың да ойындарына жанкүйер боп қатысады.