«20 елден 300-ге жуық спортшы келді. Ең үлкен құрама Қазақстаннан, ол 100 спортшыдан құралған, оның 60-ы - шығысқазақстандықтар», - деп хабарлайды әкімдік.
Жарыс әйелдер мен ерлердің, ардагерлердің, жастардың, мүгедектердің арасында түрлі салмақ дәрежесі бойынша өтеді. Чемпионатқа дайындық кезінде қаланың кәсіпорындарында арнайы үстелдер жасалды, ал Өскеменнің теңге сарайында жеңімпаздардың медальдары соғылды.