Атап айтқанда, негізгі тамақ өнімдерінің баға деңгейін бақылау үшін қаланың әртүрлі жерлеріндегі сауда орындары мен қала базарларына күнделікті мониторинг жүргізілуде. "Баға деңгейін объективті бағалау мақсатында айына 4 мәрте сауда орындарына жасалатын бақылау орындарын өзгертуге шешім қабылданды. Бұл қаланың 411 сауда нүктесіне немесе олардың 49 пайызына мониторинг жасауға мүмкіндік береді", - деп хабарлады Өскемен әкімшілігі.