"Емхана 20 жыл бойы стационардың ғимаратында орналасып келген, ол аурулардың көп жиналуына, науқастарды сауықтыруға және диспансерлік бақылау жүргізу мүмкін емес болатын. Бүгінде ұзақ күттірген құрылыс қолданысқа берілді, енді біз барлығын қабылдап, барлық балаларға қажетті көмек бере аламыз",- деді Р.Рахымова.
Оның сөзіне сүйенсек, жаңа емхана қазіргі заманға сай құралдармен жабдықталған. Диагноз қою үшін рентген, ультрадыбыстық зерттеу аппараттары мен басқа медициналық техникалар орнатылды.
Емхананың жалпы көлемі 3,4 мың шаршы метрден асады. Медициналық мекеме бір ауысымда 500 адамды қабылдауға есептеліп, жалпы саны 52 дәрігер-мамандар жұмыс істейтін болады. Онда науқастарды қабылдау бөлмелері, операция бөлмесі мен жанарды сақтау бөлмелері жабдықталған. Сондай-ақ, күндіз жатып емделу, науқастарды сауықтыру бөлімі, жүзу бассейні бар. Емханада бір уақытта әртүрлі маманды 10 дәрігер науқастарды қабылдай алады.
Жаңа кеңес беру емханасының базасында облыстық балалар сурдологиялық
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті