Көбі ата-ана қарауынсыз қалдырылғандықтан жазым болған. Сүңгуірлер кеше ғана суға кеткен 4 жасар бүлдіршіннің денесін тапты. Ол әке-шешесінің көз алдында жардан өзенге құлап, ағыспен алыстап кеткен. Туған әпкесі оны құтқармақ болып, өзі де көз жұмды. Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда өңірдегі барлық өзендердегі су деңгейі шамадан тыс көтерілген. Ал қауіп тіпті жағалаудан да келуі мүмкін екен.
Loading...