Өскеменде базарда күзетшінің қаруы өздігінен атылды, әйел мен бала зардап шекті


Күзетшінің иығында болған қару өздігінен атылған, оқ сауда павильонының еденін тескен, ол жерден 38 жастағы әйел мен оның ұлы өтіп бара жатқан болатын. деп хабарлады сейсенбіде "Интерфакс-Қазақстанға" облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
Полицияның дерегіне қарағанда, әйел мен бала айтарлықтай зардап шекпеген, бірақ қатты қорқып қалған.
Күзетшіге қатысты республика Қылмыстық кодексінің 114 бабы бойынша (денсаулыққа абайсызда зиян келтіру) қылмыстық іс қозғалған.