Өскеменде бетін бүркегендер дүкенді тонап кетті

Бетперде киіп алған екі адам дүкеншіні тегіс оқпанды шолақ мылтықпен қорқытып, кассадан 20 мың теңге көлеміндегі ақшаны алып кетіп, таса болған. Дүкен сатушысы мен күзетшісіне залал келтірмеген.

Аталған факті бойынша, қылмыстық іс қозғалып, жедел-тергеу тобы құрылды, деп хабарлады қалалық ІІБ-ның баспасөз қызметінен.