Өскеменде бір түнде төрт автокөлікті тонап, тағы бір көлікті ұрлап кетті

Облыс орталығының тұрғыны бір түннің ішінде бірден төрт қымбат автокөлікті тонап, тағы бір көлікті айдап әкетіпті, деп хабарлады altaynews.kz

Анықталғандай, ер адам автотұрақта тұрған көліктердің арасынан бейнетіркеушілері мен дабылдары орнатылмағандарын таңдап алған. Сондай-ақ, бұл қылмысын бейнекамерасы жоқ аулаларда жүзеге асырады.

Түн жамылып келіп, автомобильдердің артқы терезесін шағып, салондағы заттарды түгел жымқырып кеткен. Осылайша бір түнде төрт көлікті тонаған ұры тағы бір автомобильдің өзін айдап кетуді шешеді.

Қылмыстық полиция қызметкерлері күдіктіні құрықтады. Ол 23 жастағы қала тұрғыны болыр шықты. Бұған дейін де ұрлық үшін сотталғаны анықталып отыр. Қазір ол уақытша қамау изоляторына тоғытылды.


Полиция қызметкерлері авто тонаушы айдап әкеткен Toyota Land Cruser Prado маркалы автомобильді қаладағы аулалардың бірінен тауып алып, иесіне қайтарды. Сондай-ақ, тергеу барысында бір апта бұрын оның Электр тауарлары ауданында Nissan Mistral автомобилін ұрлағаны анықталды. Қазір ұқсас оқиғаларға күдіктінің қатысы бар ма тексеріліп жатыр.