Өскеменде біреулер өлімші етіп ұрып кеткен әйел жырадан табылды

Бұл туралы YK-news.kz ақпаратына сүйеніп, ҚазАқпарат хабарлады.

Зардап шеккен әйел бір апта бойына жансақтау бөлімінде ауыр халде жатты. Викторияның әпкесінің сөзінше, әйелдің денесінде көптеген жарақаттар болған және оның миы шайқалған. Оған екі рет операция жасалған, алайда бұл шаралар оған көмектесе алмады.

Викторияның тағы бір туысы Ольга Новолодскаяның сөзінше, қайтыс болған әйел Ұлан ауданының Асу-Бұлақ ауылында атасымен және әжесімен бірге тұрған. Облыс орталығына ол аз уақытқа, жеке куәлігін жасату үшін келген. 15 мамыр күні кешкісін Виктория әпкесіне телефон шалып, өзінің үйге келмейтінін және достарының үйінде қалатынын айтқан.

«Маған оны екі үш ер азаматпен бірген көргендерін айтты, олардың екеуі ағайынды және қайтыс болған әйел олардың үйіне жиі барып жүрген. Ал үшіншісін мен танымаймын. Куәгерлер әйелдің осы жігіттермен Прохладная ауданындағы дүкендердің бірінің маңында отырғанын көрген. Одан әрі не болғанын ешкім білмейді. Келесі күні Виканы осы жердегі жырадан тапқан. Оны біреу өлімші етіп тепкілеп, жыраға лақтыра салған»,- дейді осы оқиғаға қатысты өзінің ойын білдірген туысы Ольга Новолодская.


Полици қызметкерлері қазір болған оқиғаның мән-жайын анықтауда.