Өскеменде бірнеше қымбат көлік өртеніп кетті


Қарауыл лапылдаған жалынды таңға жуық байқапты. Жөндеу орталығы алдындағы көлік тұрағынан басталған өрт көзді ашып-жұмғанша күш алған. Өрт сөндірушілер жеткенде бәрі кеш еді. Топтасып тұрған машиналардың түгі қалмай жанып кеткен. Келген шығын көлемі 20 млн теңгеге жуықтайды деген болжам айтылуда. Өрт сөндірушілер қазір бар ақпаратты полицияның қолына табыстады. Олар, көлік тұрағын белгісіз біреулер қасақана өртеген деп отыр.