Көліктің ішінде шағын кітапханасы да бар. Егер жолаушы жауап беруден қиналса, осы кітаптардың көмегіне жүгіне алады. Тіпті дос-жарандарына қоңыру соғуына да мүмкіндік беріліпті. Ұйымдастырушылар осылайша жаңа жоба арқылы балалар мен жасөспірімдер кітапханасына келетіндердің қарасын көбейткісі келген. Алайда, «BOOK-Такси»-ді қала көшелерінен күнде кездестіре алмайсың. Тегін такси айына екі рет қана жолға шығады екен.