Оны қаладан 80 шақырым жердегі ну орманнан әкеліпті. 100 жылдық ағаштың биіктігі 27 метр. Діңгегі қатты, тікенектері түгел шыршаны орманшылар әу бастан орталық алаңда орнатуға лайық деп танып, қаланы безендіруге жауапты мекемеге ұсыныпты. Шыршаға 500-ге шуық шар тағылып, жүздеген метрге созылатын түрлі-түсті шамдар ілінген.