Өскеменде іші үлкейген жүкті ер адам тіркелді

Бұл туралы Устинка LIVE басылымына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Пациенттің туыстарының сөзінше, ер адам іші ауырғандықтан, ауруханаға барған. Оның дәрігерлердің жұмысына қатысты бір ғана шағымы болған. Дәрігердің жазып берген тұжырымдамасында аурудың көптеген белгілерімен қатар, ер адамның жүкті екені көрсетілген.

Бұл келеңсіздікті ер адам үйіне келгеннен кейін ғана байқаған. Сонымен қатар емхана қызметкерлері пациенттің іші үлкейгенімен қатар, жүктілік мерзіміне байланысты ер адам сәбидің қозғалысын сезе бастағанын жазған.


Өз кезегінде ШҚО денсаулық сақтау басқармасындағылар мұндай жағдайдың қалай орын алғанын анықтауға уәде етті.