Өскеменде «Киелi мұрамызға тағзым» акциясы басталды

«Бұл шара жыл сайын өткізіледі. Оның мақсаты - Қазақстанда тұратын халықтардың тарихи-мәдени мұраларын кеңінен таныстыру, қазақстандық халықтың ұлттық сана-сезімін қалыптастырудың маңызды элементі ретінде тарих және мәдениет ескерткіштерін құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады», дейді Е.Дәменов.

Акция аясындағы барлық іс-шаралар сәуір-қыркүйек айларының аралығында өтеді. Атап айтқанда, фотоконкурс, кітап көрмелерін өткізу, «Өлкеміздің аңыз-әңгімелері» диалог алаңдарын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Ал 1 қыркүйекте қаладағы барлық мектепте балалар «Менің Қазақстаным - менің болашағым» деген тақырыпта шығарма жазатын болады.