Өскеменде кірқысқышқа ескерткіш орнатамыз деп жергілікті әкімдік күлкіге қалды


Қала күні қарсаңында көшелердің бірінің жиегінде пайда болған осындай сәулет нысанының қандай мағына беріп тұрғанын шенеуніктер өздері де түсіндіре алмады. Оны жасаған архитектор атқамінерлерден өз есімін құпия сақтауды өтініпті. Қарапайым ағаштан жасалған «тың» туынды- қала күніне тартуы . Айта кету керек, осы мереке қарсаңында мәні мен мағынасы жоқ архитектуралық нысандар көптеп орнатылып жатыр. Мәселен, мынау тоқаш па, әлде білезік пе, белгісіз? Алайда бұл туынды да шаһардағы орталық даңғылының  біріне қойылған. Әкімдіктегілер болса бұлардың барлығы сәулетшілердің сыйлығы, бюджеттен бір тиын да шығын шыққан жоқ деп отыр.