Мәліметке сәйкес, қырыққабат 44%, пияз 31%, картоп 10%, сәбіз 14% қымбаттаған.
Мамандардың айтуынша, бағаның мұнша шарықтауына Қырғызстаннан және басқа аймақтардан әкелінетін көкөністердің азайуы себеп. «Казагромаркет» АҚ американдық ақ көбелектің және картоп қоңызының жайлап кетпеуі үшін аталған көкөністерге карантин жарияланғанын айтады.