Өскеменде көлігін оталдыра алмаған жүргізушілер аязда үсіп қалып жатыр

Дәрігерлердің көмегіне бұрын үйсіз қаңғыбастар жүгінсе, қазір көлік жүргізушілері жиі келетін болған. Таңертең темір тұлпарларын қыздырудың амалын жасап, ұзақ уақыт сақылдаған саршұнақ аязда сыртта жүруге мәжбүр. Төменгі температура бірінші кезекте қан тамырлары мен адамның терісіне әсер етеді екен. Үсік шалғандардың ауруы асқынбай тұрған кезде дәрігерге қаралғаны абзал. Ондай жағдайда үсік шалған дене мүшелерін сақтап қалуға болады. Ал асқынып кетсе, кесіп тасталуы мүмкін.

Еркін Дүйсекин, травматология бөлімінің меңгерушісі:

- Тұрмыс жағдайы тәуір жандар да көмек сұрап келеді. Адамның басынан түрлі жағдай өтеді. Өкінішке қарай, үсік шалғаннан кейін мүгедек болып қалуы да мүмкін. Кейде адамның өміріне араша түсу үшін қолын немесе аяғын кесуге туре келеді. 

Loading...