Жастары жиырмаға да толмаған екі дос көбіне ресейлік ВАЗ көліктеріне қырғидай тиіпті. Өйткені дабыл құрылғысы жоқ және есік-терезесі алқам-салқам келетін оларды тонау қиындық туғызбайды екен. Күдіктілер жорықтарына түн қата шығып, аулада қараусыз тұрған көліктерді ойрандап келген. Тергеу абақтысына қамалған күдіктілердің осындай басқа да қылмыстарға қатысы анықталып жатыр.
Loading...