Өскеменде көп балалы аналар "Күміс алқа" және "Алтын алқамен" марапатталды

"Халықаралық 8 наурыз әйелдер күні мерекесіне байланысты көп балалы аналарға бір жолғы материалдық көмек ретінде облыстық бюджеттен 3 млн 50 мың теңге көлемінде қаржы бөлінді", - деп хабарлады ведомствода.

Бөлімде берілген ақпарат бойынша, кәмілет жасқа толмаған балалары бар қоғамдық бірлестігінің мүшелері болып отырған 14 мүгедек әйелге "Биби-Ана" бір жолғы материалдық көмек ретінде 70 мың теңге бөлді.

"Ал "Үлбі" халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығында мерекелік концерт өтті. Тұрмыстық ахуалы төмен әйелдердің үйлеріне азық түлік апарылып тапсырылды", - деп атап өтті ведомствода.