Өскеменде күйдіргі деген диагнозбен бір әйел ауруханаға жатқызылды

ТЖМ мәліметінше, 13 шілдеде 13 сағат 24 минутта Өскеменде қалалық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне күйдіргі деген алдын-ала диагнозбен бір әйел жатқызылған. 14 шілдеде диагноз расталды, науқастың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, науқаспен қарым-қатынаста болған 15 адам анықталды, медициналық тексеру жүргізілді. Науқастар мен ауырды деген күдіктілер анықталған жоқ. Ауру ошағында эпидемияға және эпизоотияға қарсы шаралар қолданылуда.