Өскеменде күн сайын өрт сөндірушілерді шақыру көлемі екі есе артты

"Әдетте жаз маусымдарында 10 - 15 шақыру болса, қазір өрт сөндірушілер өрт шыққан жерлерге бұдан екі есе артық баруға мәжбүр болуда", - деді Р. Қондыбаев. "Өрттердің шығуына шабылған шөптің орнын ешкім тазартпайтындығы себеп. Құрғақ шөпке тасталған бір ғана кездейсоқ шылым үлкен өрттің шығуына себеп бола алады, әсіресе, ағаш ғимараттар мен аулалар көп жеке меншік секторда мұндай қауіп өте жоғары", - деді Р. Қондыбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті