Малшаруашылығы өнімінің артуы мал саны мен оның өнімділігінің артуы есебінен мүмкін болып отыр.
2003-жылдың қаңтар-қараша айларында облыстағы барлық категориялы шаруашылықтарда сойысқа арнап мал және құс сату көлемі тірі салмағы бойынша 1541,7 тоннаны құрады. Бұл 2002-жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 14,9% артық. Ал сүт өндіру көлемі 7,5 мың тонна (+11,6%), жұмыртқа өндіру мөлшері 2,869 млн. дананы (+9,3%) құрады.
Ет, сүт және жұмыртқаның басым бөлігін жеке меншік шаруа қожалықтары өндіруде. Олар өндірген өнім мөлшері тиісінше 88,2% , 95,8% және 99,3%-ті құрады.
Биылғы жылдың 11 айында мал мен құстың орташа өнімділігі мынадай болды : бір сиырға шаққанда сауылған сүт мөлшері 2,3 мың кг (өткен жылғы осы мерзімнен 5,5% артық) , бір тауыққа шаққанда орташа жұмыртқа саны 157 дананы (-7,1%) құрады.