Өскеменде медиа-форум ашылды

БАҚ қызметкерлерінің биылғы облыстық форумы ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында өтіп отырғандықтан, барлық бағдарлама, барлық іс-шара осы тақырыпқа арналып отыр.

Медиа-форумның модераторы - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Түсіпхан Түсіпбеков, ал форумның бас қонағы - «Наука и образование» журналының бас редакторы Дмитрий Мельников.

Түске дейін форумның жұмыс бағдарламасы өтсе, түстен кейін Жамбыл атындағы облыстық драмалық театрда форумның салтанатты бөлімі өтеді.