Өскеменде нанотехнология бойынша халықаралық конференция өтеді

"Халықаралық ғылыми конференцияны өткізу Жапония, Ресей мен Қазақстанның нанотехнология мен материалды игеру саласындағы ұзақ мерзімдік ынтымақтастыққа қызығушылық танытқан ниеттерінен туындаған", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Конференция жұмысына Жапония, Германия, Оңтүстік Корея, Ресей, Беларусь, Украина, Қырғызстан мен Қазақстанның жетекші ғалымдары мен бизнес өкілдері қатысады деп күтілуде.