Өскеменде Оралхан Бөкейге ескерткіш орнатылды

Этноауылдың сол жағалау кешенінде «Шығыс шынары-2013» фестивалі ашылды, оған келген құрметті қонақтар мен қатысушылар Республика алаңындағы салтанаттарға да қатысты.

Конституция күнінің мазмұнды мерекелік бағдарламасы Өскеменде таңертең үлкен оқиғамен - қаланың сол жағалауындағы ақын Оралхан Бөкейдің ескерткішінің ашылуымен басталды.

Мерекелік іс-шараның ашылу салтанатында атап өтілгендей, соңғы үш жылда әкім Бердібек Сапарбаевтың бастамашылық етуімен қалада өңір және оның мәдениетінің дамуына маңызды үлес қосқан көрнекті шығыс қазақстандықтарға ескерткіш қойылды.