Өскеменде өрттен құтқарылған балалар комада жатыр


Өрт 7 шілде сағат 10:00 шамасында «Титан» бағбандар қауымдастығында ауданында басталған. Оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімдері жергілікті тұрғындардан жанып жатқан үйдің ішінде екі бала бар екенін анықтаған Өрт сөндірушілер үйдің ішіне кіріп, жергілікті тұрғынның көмегімен 12 жастағы қыз бен оның 9 жастағы інісін алып шығады. Балалар шұғыл түрде облыстық ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы ауыр. Өкінішке орай әлі естерін жимай, комада жатыр. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.