Өскеменде өткен «Шығыс шынары» байқауында оқылған 600 поэзиялық шығарма жеке басылым болып шығады

Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазір баспаға қатысты ұйымдастырушылық мәселелері шешіліп жатыр», - дейді қала әкімі Ислам Әбішев.

Естеріңізге сала кетейік, тамыз айының соңында Өскеменде алғаш рет өткізілген сөз шеберлерінің поэзиялық жарысына Қазақстаннан, Қырғызстаннан, Қытайдан, Моңғолия мен Өзбекстанның келген 140 ақын қатысқан болатын. Жарияланған байқау үшін олар ҚР Конституциясының 15 жылдығы, Абайдың 165 жылдығы мен Өскемен қаласына арналған үш тақырып бойынша 600 өлеңді арнайы шығарған.

«Шығыс шынары» байқауы жыл сайын өткізілетін байқау мәртебесіне ие және қазақ тілі мен әдеби шығармалардың, ұрпақ сабақтастығының, жастарды поэзиялық шығармашылыққа тарту мен жас таланттарды танудың шығармашылық алаңына айналады деп аталып өтілген.