Өскеменде қатты аяз салдарынан мектептердегі сабақ тоқтатылды

Қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың мәліметтеріне сүйенсек, Өскеменде таңғы 6 сағаттарда ауаның температурасы 32 градусқа дейін төмендеген. "Осыған байланысты бүгін қала мектептеріндегі бірінші ауысымның 1-9 сыныптарында сабақты тоқтату туралы шешім қабылданды",- деп түсіндіріп өтті төтенше жағдайлар жөніндегі басқармадағылар