ТЖБ мәліметтері бойынша, сағат 6.00 Өскеменде ауа температурасы 36 градусқа төмендеді. "Осы себептермен бүгін қаладағы барлық мектептердің 1 және 11 сынып оқушыларының және лицейлер, колледждердің 1 курс студенттерінің сабақтары жүргізілмесін деген шешім қабылданып тоқтатылды", - деді төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері.
"Ал мектептерде екінші кезекпен оқитын оқушылар үшін сабақтардың өткізілетіні не өткізілмейтіні, түске таман белгілі болады", - деп атап өтті басқармада.